Алматы зообағы "Шоколадканың" жүнін қырқатын арнайы аспапты іздеп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Алматы хайуанаттар бағы жануарлардың жүні түсіп, түр-түстері күтімсіз болып көрінуі қалыпты табиғи жағдай екенін айтты. Сонымен қатар бақ альпаканың жүнін қырқатын адам іздеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бақтағы қасқыр, түлкі, аю, бұғы мен түйелер – барлығы да осы кезде түлейді. Леопардтар мен понилар және Пржевальск жылқыларының жүндері жұқа болғанымен олардың терісінің түлегені аса білінбейді. Маусым айының ортасында олардың түлеуі тоқтайды. Одан кейін жануарлар жаңа кейіпке еніп, түр-түстері де қайтадан дұрыс қалпына келеді.
"Зообағымызға келушілердің көбі жануарлардың күтімі жоқ, жүндері түсіп, қараусыз жүр деп ойлайды. Шындығында жануарларымыздың денсаулығы да, күтімі де жақсы. Олардың жүні түсіп, түр-түстері күтімсіз болып көрінуі – қалыпты табиғи жағдай. Жануарлар көктемде түлейді, қыс кезінде жылу берген қалың жүндері түсіп, орнына жаңасы өсіп шығады". Зообақ әкімшілігі
Бақ қызметкерлері түйелердің ғана жүнін қырқады. Қазір зообақ түйетұқымдас жануар – Шоколадка есімді альпаканың жүнін қырқатын грумер іздеп жатыр.
"Зообақ қызметкерлерінің арасында арнайы грумер (жануардың тері, жүнін қалыпқа келтіретін маман) жоқ. Сондықтан альпакаға шаштараз іздейміз. Араларыңызда "жануарлардың шаштаразы" болып, осы жұмысты қорықпай атқара алатындарыңыз бар ма? Бәлкім біздің альпаканың жүнін өзгеше, заманауи түрде ерекше ретке келтіріп бере аласыз? Альпакаға грумер болып беретіндерді зообақта күтеміз. Өтінішті осы жазбаның астына қалдыра аласыз", - делінген зообақтың Instagram-дағы хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript