Жаңалықтар тізбегі
0

Оқу-ағарту министрі "жатарда киетін киімдегі сабақтар" мәселесін қарастыруға уәде берді

Соңғы қоңырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 18:16 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Білім министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзартылуы және қосымша күндерде сабақтың орнына флэшмобтар мен бейресми кездесулер өткізу жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Білім министрі Ғани Бейсембаевтан ұзартылған оқу жылының қосымша күндерінде кейбір мектептерде сабақтың орнына жатар кезде киетін киімде бейресми кездесулер немесе флэшмобтардың ұйымдастырылуына қалай қарайтынын сұрады.

"Оқудың орнына әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру туралы, менің ойымша, бұл фейк ақпаратқа көбірек ұқсайды, өйткені барлық мұғалім мен мектеп директорлары оқу жылын ұзарту жай-жайдан орын алмағанын, сонымен қатар оқу бағдарламалары орнына тиіптік оқу жоспарларын енгізумен қатар жүретінін жақсы біледі. Егер бұрын оқу жылы 34 апталық болса, ал қазір - 36 апта, демек сабақ тақырыптары да, бағдарлама да осы уақытқа сәйкес құрастырылған". Ғани Бейсембаев

Сондай-ақ ол жуырда кездесу болатынын, онда өзіне ел мектептерінде білім беру бағдарламасы стандарттарының қалай сақталып жатқаны бойынша есеп берілетінін айтты.

"Алдын ала маған барлық мектепте мемлекеттік стандарт орындалатыны баяндалды. Бірақ кейбір мектептерде ғана қандай да бір себептерге байланысты сабақтар басқа дүниелермен ауыстырылған болуы мүмкін. Қазір, өзіңіз айтып отырғандай, жатарда киетін киімдегі кездесулер, флэшмобтар немесе басқа да іс-шаралар. Егер мұндай жағдайлар болса, маған бұл туралы міндетті түрде есеп беріледі". Ғани Бейсембаев

Қазақстандық оқушылар үшін биыл оқу жылы ұзартылды. Осы жылдан бастап мектептердегі "соңғы қоңырау" 31 мамырда соғылып, ал жазғы демалыс 1 маусымнан бастап басталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: