Солтүстік Қазақстан облысында 12 сиырдан бруцеллез анықталып, шектеу шаралары енгізілгелі жатыр
![СҚО, бруцеллез, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 15:11](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-d3d0b65b-e0c0-4aa9-9f8f-e15b15857d63/800x450.webp)
2023 жылғы 25 мамырдағы эпизоотологиялық сараптама актісі бойынша жануарлардан алынған 6 сынама бруцеллезге оң реакция көрсетті. Қосымша зерттеулерде тағы 6 жұқтырған жануар анықталды.
"Ет өңдеу кәсіпорындарына 12 ірі қара мал союға тапсырылды, ал бір сиыр союға дейін өліп қалды", – делінген құжатта.
Құжатта қоздырғыштың таралу көзі өлген мал мен бруцеллездің бар-жоғына тексерілмеген жас мал екені көрсетілген.
Осыған байланысты 16 500 шаршы метр аумақта мал шаруашылығы ғимараттары мен оған іргелес аумақтарды механикалық тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сондай-ақ Камышлово ауылында ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы шектеу іс-шараларының ветеринариялық режимін енгізу тапсырылды.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда барлығы 174 бас сиыр бар. Қыста малдар қорада, жазда жайылымдарда ұсталады.
Ауыл әкімдігі шешімінің жобасын 31 мамырға дейін Ашық НҚА сайтында жариялады.