Павлодар облысында жол апаты салдарынан жасөспірім зардап шекті

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2023 16:26 Сурет: ҚР ІІМ
25 мамырда Павлодар ауданы Мичурино ауылында 27 жастағы ауыл тұрғыны басқаратын Priora көлігі мотоциклмен соқтығысып қалды.

Салдарынан 14 жастағы мотоцикл жүргізушісі зардап шекті. Жасөспірім медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді. Көлік жүргізушісіне қатысты жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Материал Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Полиция кәмелетке толмағанның ата-анасын ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартты.

Жалпы, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ ювеналды полиция инспекторы жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Материал сотқа жіберілді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: