"Атырау - Алматы" пойызында жас келіншек қыз босанды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
№29/30 бағытындағы "Атырау - Алматы" жолаушылар пойызының бригада қызметкерлері жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атыраудан Шымкентке бағыт алған жас ананы жолда толғақ қысқан. Жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасады, деп хабарлайды "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі
Сағат 21:52-де сәби дүниеге келді.
"Нұсқаулыққа сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем көлігін шақырды". "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript