БҚО-да 60 млн теңгенің жұмысы орындалмаған
Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Казталов ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысына тексеріс жүргізіп, 60 млн теңгенің жұмысы орындалмағанын анықтаған.
Атап айтқанда, еден жабынын төсеу, төбелерді әрлеу, ішкі бөлігіндегі басқа да жұмыстар жасалмаған. Бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып әрі мектеп уақытылы пайдалануға берілмеді, деп жазады qazaqstan.tv.
Құзырлы орган араласқаннан кейін жоспарлы жұмыстар орындалып, кем-кетігі түзелді.
"Құрылыс бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, мектепті пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың 1 тамызына дейін ұзартылды. Бастапқы тапсыру мерзімінен 2 жылға артта қалушылық бар. Департамент әлеуметтік сипаттағы барлық объектілерді іске асырылғанға дейін тұрақты мониторингке алады." Ерлан Досанов, Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript