Шардаралық тұрғыннан сора түптері тәркіленді

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті есірткі егу дерегін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер құрамында есірткі заты бар өсімдікті заңсыз өсірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады.
Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары шардаралық тұрғынның үйінің ауласын тінту кезінде есірткісіне ұқсас 9 түп өсімдікті тауып, тәркіледі.
Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі түптері сора болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript