ШҚО-дағы жалғыз қазақ мектебі құлағалы тұр
Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма кентіндегі жалғыз қазақ мектебі құлағалы тұр. Бірақ соған қарамастан биылғы оқу жылын 200-ге жуық оқушы тәмәмдап шықты.
50 жыл бұрын салынған ғимарат, бастапқыда балабақша ретінде берілген.
Дәлізі тар, іші қараңғы, спорт залы мүлде жоқ. Жалпы 3-4 мыңға жуық тұрғыны бар Бұқтырма кентінде жаңа мектеп салу жөнінде шешім 8 жыл бұрын қабылданған, деп жазады qazaqstan.tv.
Жобалық құжаты да дайын. Алайда мектеп құрылысына қатысты мәселе тым созылып кеткен.
Тек Бұқтырма кентіндегі ата-аналардың үздіксіз шағымынан соң, атқарушы билік мектеп салу мәселесін биыл қайта қолға алды. Алайда ата-аналардың үміттен гөрі күдігі басым.
"Сол айтылып қалып қалмаса деп бәрі қорқып отыр. Бұл жерге қазақ мектебі керек. Мына жерде ауылдар бар ғой. Бәрін осында әкеледі. Қазақ ауылдар бар маңайда. Сол жерден әкеледі. Октьябрскіден, Селезневкадан әкеледі." Бақытбек Тәшірбаев, Бұқтырма кентінің тұрғыны
"Жалпы жұмыстар басталған жоқ. Өйткені конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның аяқталуы 20маусымға бекітілген." Саят Тойкенов, Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript