Германияда Абай үйі ашылды

Қазақстанда туып-өскен немістер Германияда Абай үйін ашты. 20 жыл бұрын тарихи Отанына оралған қазақстандық неміс ұлтының өкілдері Залах қаласында «Қазан»деген атпен қауымдастық құрған.
100-ден астам мүшесі бар ұйым қазақтың мәдениеті мен өнерін насихаттап келеді, деп жазады qazaqstan.tv.
Ауласына киіз үй тігіп, қазақтың салт-дәстүрін немістерге паш етіп жүрген жерлестеріміз енді ұлы Абайдың шығармашылығын көпшілікке кеңінен танытпақ.
"Абай үйі - Германия мен Қазақстан арасындағы мәдени көпір болады деген үміттеміз. Абай - ұлы жазушы. Оны әлем жұрты білуі тиіс. Біз Қазақстанда туып-өстік, ол біздің Отанымыз. Туған жеріміздің жылдан-жылға көркейіп, дамығанын көріп, қуанып отырамыз. Болашақта елімізге қаржы құйып, кәсіп ашқымыз келеді." Валерий Оствальд, «Қазан» қазақ қауымдастығының төрағасы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript