Алматыда күн 37 градусқа дейін ысиды
Сурет: Zakon.kz
Алдағы үш күнде Алматыда қатты аптап ыстық болады. Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті оңтүстік астана қонақтары мен тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы төтенше жағдайлар демартаменті дауылды ескертуге сүйене отырып, Алматы қаласында 7-9 маусым аралығында 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болжанғанын мәлімдеді.
"Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз".Алматы ТЖД баспасөз қызметі
ТЖ департаменті мына қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады;
- денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
- алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді;
- сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
- денеге салмақ түсірмеңіз. Қатты жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
- автокөліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді.
- балаларды автокөлік ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript