Мусин Астанада интернет сапасы жақсарғанын хабарлады
Сурет: unsplash
6 маусымда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет кулуарында Астананың екі ауданында интернет сапасының жақсарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол елоданың қай аудандарында интернет сапасы жақсарғанын айтты.
"Мен жүріп өттім, Expo маңында жақсарды, "Хан Шатыр" ауданында екі базалық станция орнатылды, жақсарғаны байқалды Бірақ біз қосымша айыппұлдар жазып бердік, тағы екі ай уақыт бердік. Кеше әкім жиналыс өткізді, өйткені бізге жер учаскелері қажет, ол бұл жұмысты күшейтті. Ол жер телімдерін бөліп қойды, құрылыс басталып жатыр. Триумфальды арка аймағында да радиофобияға байланысты осындай мәселе бар. Жер телімдері табылып жатыр, бұл әкімдік, біз өзімізге жер телімдерін бөле алмаймыз". Бағдат Мусин
2023 жылғы 25 сәуірде премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметке ауылдарда да, ірі қалаларда да интернеттің сапасына қатысты бес мыңнан астам шағым түскенін мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript