Жаңалықтар тізбегі
0

Бейсембаев орыстілді балабақшалардың жабылатыны жөніндегі қауесетке жауап берді

Оқу-ағарту министрлігі, балабақша, орыстілді балабақша, қазақтілді балабақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 14:01 Сурет: Алматы әкімдігі
6 маусымда үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мемлекеттік балабақшаларды қазақ тілінде оқытуға көшірілетіні жөніндегі қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрі бүгінде мемлекеттік балабақшалардың басым бөлігі қазақ тілінде екенін атап өтті.

"Қазір сараптама жүргізіп жатырмыз, содан кейін толық ақпарат береміз... Бірақ орыстілді балабақшаларды жабу туралы мәселе ешқашан болмайды, біз мемлекеттік тілді оқытуды күшейтіп жатырмыз", – деді Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, бүгінде 11 мыңнан астам балабақша болса, оның жартысы мемлекет меншігінде.

"Қазақ тіліндегі балабақшаларға деген қажеттілік пен сұранысты көріп отырмыз. Балабақшаларды тек мемлекеттік тілде ұйымдастыруда еш қиындық болмайды: тәрбиешілер де бар, сұраныс та бар. Бұл балабақшалардың мемлекеттік тілде ашылуы заңды процесс", – деді Ғани Бейсембаев.

2022 жылдың 1 ақпанында Қазақстанның бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов биылғы жылдан бастап еліміздегі балабақшаларда тәрбие мен оқытудың жаңа моделі іске қосылатынын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: