Елімізде алғаш рет аутизм диагнозы бар жасөспірімдерге арналған коворкинг орталығы ашылды

Елімізде алғаш рет аутизм диагнозы бар жасөспірімдерге арналған коворкинг орталығы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 16:35 Сурет: pixabay
Елімізде алғаш рет аутизм диагнозы бар жасөспірімдерге арналған коворкинг орталығы ашылды. Астана қаласында орналасқан мекеме 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды.

Оларға мамандар компьютермен жұмыс істеуді, аспаздық, тігін, қолөнер және сурет салуды үйретіп, тіл курстарын өтеді. Осылайша, аутист балалар түрлі мамандыққа бейімделеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Орталықта фитнес залы мен үстел теннисі бөлімі бар. Бұл үйірмелерге Астанадағы 120 жасөспірім тегін қатыса алады.

"Мысалы, менің балам компьютерге жақсы. Енді оны осы жерден әрі қарай дамытуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, басқа балаларда өзі қай салаға жақын, қай өнерге жақын, ол спорт бола ма, ол сурет бола ма немесе тамақ жасау, аспаз өнеріне ме, сондай түрлі өнер үйренуге осы жерде мүмкіндік жасап отыр." Гүлжазира Бекішева, ата-ана

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: