Қызылжарға Мұхаммед пайғамбардың шашы жеткізіліп, мешіт алдында тасаттық намазы оқылды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 19:18 Сурет: видеодан алынды
Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті халық мешітте жиналып, тасаттық намазын оқып, жаңбыр сұрады. Өңірге Мұхаммед пайғамбардың шашы да жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Солтүстік Қазақстан облысындағы Ислам мәдениеті музейіне Мұхаммед пайғамбардың шашы әкелінді. Ол арнайы құтыға салынып "Тасаттық" намазының алдында жеткізілді", делінген 1severniy_tv-ның Инстаграмдағы парақшасында.

"Қызылжар" қалалық мешітінің алдында тасаттық намазы оқылды.

Алаңға жиналған жамағат жаратушыдан жаңбыр тілеп, дұғалар бағыштады.


Айта кетсек, Қазгидромет осы аптада еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болатынын болжады. Кей өңірлерде сынап бағаны +32-ден +40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: