Діни мазмұндағы 50 кітапты заңсыз әкелген Өзбекстан азаматына айыппұл салынды

Діни мазмұндағы 50 кітапты заңсыз әкелген Өзбекстан азаматына айыппұл салынды , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 17:36 Сурет: ҚР ІІМ
Шымкент қаласының әуежайына “Шарм әл-Шейх – Шымкент” бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін тексеруден өту кезінде Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматы анықталып, ұсталды.

Тексеру барысында одан діни мазмұндағы 1200 брошюра мен 50 кітап табылып, тәркіленді. Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 50 айлық есептік көрсеткіш (172 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заңына сәйкес, әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана жүзеге асырады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: