9 маусымдағы түскі саудада доллар қайтадан көтерілді

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2023 16:52 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,87 теңгеге көтеріліп, 445,62 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 62,45 теңгені (+0,19) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 477,19 теңге, рубльді 5,42 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 445-448,5 теңге, еуро 479,5-484 теңге, ресей рублі 5,29-5,53 теңге аралығында сатылуда.

Ал, 9 маусымдағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны 0,58%-ға төмендеп, барреліне 75,52 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада шілде айындағы WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы 0,6%-ға арзандап, барреліне 70,86 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: