Алматы әкімдігі жаңа автобус бағытының схемасын көрсетті
Сурет: Zakon.kz
12 маусымнан бастап Алматының Түрксіб ауданында жаңа бағыт ашылады. Бұл туралы Zakon.kz сайтына қала әкімдігінде хабарлады.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы халқымен кездесуі барысында түскен өтінішке орай 12 маусымнан бастап Жас қанат шағын ауданын Райымбек даңғылымен байланыстыратын жаңа №9 бағыт іске қосылады.
"Ол "Райымбек батыр" метро бекеті аялдамасынан Назарбаев даңғылы бойымен, одан соң Райымбек даңғылы - Сүйінбай көшесімен, әрі қарай Хмельницкий көшесінен "Жас қанат" шағын ауданына дейін барады. Одан соң көлік бағыт бойынша кері қайтады." Алматы қалалық мобилділік басқармасы
Сурет: Алматы қалалық мобилділік басқармасы
Желіде 8 автобус 8 минуттық жиілікпен жүретін болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript