Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Абай облысындағы ахуалды баяндай бастаған вице-министрдің сөзін бөліп тастады

ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2023 17:41 Сурет: видео скрині
Мемлекет басшысы Жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Күлдіковтің сөзін бөлді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент өңірдегі аухал туралы баяндай бастаған вице-министрдің сөзін бөліп, оған нақты сұрақтар қойды.

"Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?! 14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді. Өрт бүкіл әлемде болады, бірақ ол жақта тиісті шаралар қабылданады. Министр келмеді, облыс әкімі тым баяу қозғалды, орынбасарларын жіберді. Жұмысқа деген қандай қарым-қатынас?! Осы жөнінде есеп беріңіз! Нақты сұрақ – неге қате болжам жасалды?", - деді Тоқаев.

Осыдан кейін Марат Күлдіков қайтадан баяндамасына көшкенде Тоқаев баяндаманы тоқтатуды сұрап тыйып тастады. Оның сөзінше, вице-министр ешқандай пайдасыз, өзекті емес ақпаратты айтқан.

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министр Cырым Шәріпхановқа ведомствоны қызметін кәсіби атқара алмайтындардан тазарту туралы тапсырма берді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: