"Алтын-Орда" базарын үкімет тобы тәулік бойы тексеруге көшті
ҚР премьер-министрі сайтының жазуынша, топ құрамына ҚМА, СИМ, БҚДА, ҚМ МКК, ІІМ, ДСМ, ТЖМ, АШМ, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері кіреді.
Сатушылар, жеткізушілер, жүргізушілер мен базарға келген азаматтардың өтініштерін қабылдау және жедел жауап беру үшін "Алтын Орда Open" Телеграмм-чаты мен бірыңғай байланыс орталығы (call center) (8 7273 195 160, 8 747 059 7054) құрылғаны мәлім болды.
Сауда нүктелері шатырлармен жабдықталған, тұрақты бақылау үшін камералар орнатылған.
Бұл шаруаларға ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыларға тікелей делдалсыз сатуға мүмкіндік береді. Базарда сауда жасау үшін шаруалар ауыл әкімдігінің анықтамасын алуы қажет.
"Алматы облысының әкімдігі мобильді топтың жұмысын күнделікті бақылауда ұстауы қажет. Жүк көліктеріне арналған 100 орын – жазғы маусымға оңтайлы жедел шара. "Алтын Орда" аумағынан стационарлық сауда нысандарына орын бөлу қажет. Бұл тек осы базарға ғана қатысты емес, барлық әкімдіктерге өз өңірлеріндегі базарлар мен ірі сауда нысандарында осындай жұмыс жүргізуді тапсырамын", — деді Серік Жұманғарин.
2022 жылғы ақпан айында Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған еді.
Оқи отырыңыз