Жаңалықтар тізбегі
0

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген оқушының бас бостандығы шектелді

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2023 17:29 Сурет: Zakon.kz
Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген оқушыға Ақтөбе қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды. 10-сынып оқушысының 6 айға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың мамыр айында Ақтөбе облысы полиция департаментінің электрондық мекенжайына жоғары оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш құрылғылардың қойылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған мекенжайларға дереу барлық шұғыл қызметтер, саперлар мен қызметтік иттерімен кинологтар жіберілді.

Оқу орындарының персоналы мен оқушылары эвакуацияланды. Тексеру барысында жарылғыш заттар табылған жоқ. Ақтөбе облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде 10-сынып оқушысын анықтады.

Оқушы өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Полицейлер компьютерді тәркіледі. Сонымен қатар, аталған оқушы осындай электрондық хатты Көкшетау қаласына да жолдап, үш сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлағаны анықталды.

Осы жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сотымен үкім шығарылып, кәмелетке толмаған күдікті кінәлі деп танылды. Оған қатысты 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: