Алматыда Сейфуллин даңғылы бойымен жүруге шектеу қойылады

Алматыда Сейфуллин даңғылы бойымен жүруге шектеу қойылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2023 11:43 Сурет: Zakon.kz
Алматы жылу желілері Сейфуллин даңғылы бойындағы көлік қозғалысы шектелетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрксіб ауданында 15 маусым сағат 22:00-ден 16 маусым күні сағат 10:00-ге дейін Сейфуллин даңғылы бойымен Кипренский көшесінен Анна Никольская көшесіне дейін көліктер үшін қозғалыс жабылады. Көше екі бағытта да көлік қозғалысы үшін жабылады.


"Аталған көше сегментінің жүру бөлігімен өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізілуде". "Алматы жылу желілерінің" баспасөз қызметі

Қала тұрғындарын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, аталған учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.

Бұған дейін Алматыда 30 тамызға дейін бірнеше көше жабылатыны белгілі болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: