Қызылордада төлем терминалын тонаған 4 күдікті қолға түсті
Сурет: ҚР ІІМ
Қызылордада дүкендер мен дәріханалардағы төлем терминалдарын тонаған 4 адам қолға түсті. Күдіктілердің барлығы жергілікті тұрғындар.
Олар қылмыстық әрекеттерін тек түнгі уақытта жүзеге асырып отырған. Құрылғының ішіндегі ақшаны алып, қылмыстың ізін жасыру үшін терминалдарды қала сыртындағы су айдынына тастап келген, деп жазады qazaqstan.tv.
Алайда полиция көп ұзамай төрт азаматты ұстады. Күдіктілердің екеуі қамауға алынып, екеуіне ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазір шығын көлемі есептеліп, олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript