Қазақстанда үсік жүреді деп болжанды

Қазақстан, ауа райы болжамы, үсік, "Қазгидромет" РМК, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2023 12:29 Сурет: pixabay
2023 жылғы 15-17 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Бұл сұраққа "Қазгидромет" РМК мамандары жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша еліміздің солтүстігі мен шығысында үсік жүреді.

"Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстары қысымның жоғарылау аймағында болады. Бұл өңірлерде түнде ауа температурасы +2+10°С-қа дейін төмендейді, топырақ бетінде -2°С үсік жүреді, ал күндіз ауа массасы бірте-бірте +20+28°С-тан +25+32°С-қа дейін жылынады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен  қалыптасып, будақ-жаңбырлы бұлттар пайда болуы мүмкін екенін айтты: найзағай ойнап, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. 

Қазақстандық синоптиктер  орманы өртеніп жатқан Абай облсында қашан жаңбыр жауатынын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: