Алматы облысында 15 млн теңгеге сатылып кеткен мектеп мемлекетке қайта қайтарылды

Мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2023 19:14 Сурет: pxhere
Алматы облысында күрделі жөндеуден кейін жеке қолға сатылып кеткен мектеп жайына қатысты өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен көшпелі баспасөз мәслихаты кезінде жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл мектеп бүгінгі таңда мемлекеттің меншігіне кері қайтарылған.

"...Сатылған мектеп туралы айтатын болсақ, біраз сот процесі жүрді. 8 маусымда оны алған адам өз еркімен нысанды Үкіметке қайтарып берді", - деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетсек, депута Мақсат Толықбай Алматы облысында күрделі жөндеуден кейін мемлекеттік мектептің бірі 15 млн теңгеге сатылып кеткенін айтып, Мәжілісте дабыл көтерген болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: