Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналықтар белгілері коронавирусқа ұқсас инфекцияны жаппай жұқтыра бастады

Астаналықтар белгілері коронавирусқа ұқсас инфекцияны жаппай жұқтыра бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 09:16 Сурет: primeminister.kz
Астаналықтардың дене қызуы көтеріліп, олардан құсу, іш өту сияқты белгілер байқалып жатыр. Адамдар энтеровирустық инфекциямен бүкіл отбасы болып, ауыра бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігерлері бір күнде осындай белгілермен 5 адам келгенін айтты. Вирус ағзаға ауа тамшылары арқылы, ластанған суда шомылу кезінде, сонымен қатар фильтрден өтпеген су, жуылмаған көкөністер мен жемістер арқылы тарайды. Нақты емдеу әлі әзірленбеген. Асқынған жағдайда өлімге апарып соқтыруы мүмкін.

"Нақты емі жоқ, нақты вакцина әзірге жоқ. Негізінен емдеу симптоматикалық. Асқынулары бар - менингит. Бұл жерде менингит, менингоэнцефалит, әрине ауыр жағдайлар болады. Кейде өлім-жітім де болады".Астана қаласы бойынша МСК ауа-тамшылы инфекциялар бөлімінің меңгерушісі Гүлжанат Шершікбаева

Биыл 5 айда энтеровирусты инфекцияның 569 жағдайы тіркелген. Ал былтыр ауру жұқтырғандар екі есе аз болған, 283 адам.

"Негізінен ауру ұйымдаспаған, бірге жүрмеген балалар арасында тіркеліп отыр. Бұл дегеніміз 66% яғни, балабақшаға бармайтын балалар, үйдегі балалар ауырып жатыр. Ауыз суға, субұрқақтарға, су қоймаларына, ашық су қоймаларына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. Бүгінге дейін зертханалық зерттеулерде оң нәтиже табылған жоқ", - деді Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева.

Клиникалық белгілері кем дегенде коронавирусқа ұқсас, бірақ бұл мүлдем басқа ауру дейді дәрігерлер. Ал менингитпен ауыратын науқастар ауруханадағы көршілеріен ұқсас белгілерді байқайтынын айтады.

"Температура көтерілді, бас ауырды, жүрегім айныды. Тест нәтижесі шыққанда вирус табылғанын айтып, осында ауруханаға жіберді".Науқас Нұрмұхан Мирсағатов

Дәрігерлер өзіңізді және балаларыңызды қорғау үшін жалпы қарапайым нәрселерді істеу керек екенін - қолды жиі жуып, тазартылған суды ішу керек екенін еске салады. Жазда ашық су қоймаларына барудан бас тартуға кеңес береді.

Энтеровирусты инфекциялар – энтеровирустар тудыратын және тек адамдарда болатын аурулар тобы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: