Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте мешіт ұстазы сүрені дұрыс оқымаған балаларды сабап тастаған

Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 22:54 Сурет: видео скрині
Шымкентте мешіт ұстазы діни сауатын ашуға барған балаларды сабап тастаған. Оның мұндай әрекетке баруына балалардың сүрелерді дұрыс оқымауы себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Таяқ жеген оқушылардың видеосын белгілі рэпер Жан Ахмадиев желідегі парақшасында жариялады.

"Шымкент қаласындағы медресенің молдасы "хадис" жаттамаған жасөспірімдерді осылай сабап-ұрады екен. Молданікі дұрыс па?" деп жазды автор.

5 маусымда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округінің ағалы-інілі тұрғындары 2013 және 2015 жылы дүниеге келген кәмелет жасына толмаған балаларын діни білім алу мақсатында Шымкент тұрғыны Рүстем Асқаровтың жеке үйіне оқытуға алып барған. Алайда маусымның 6-7 күндері мешіт ұстазы балаларды ұрып-соққан.

7 маусымда балалар ұстаздың үйінен қашып шығып, Шымкент пен Сарыағаш ауданы арасында қатынайтын такси көлігімен ауылына жетіп, болған жайтты үйіндегілерге айтқан. 

Балалардың бірінің анасы сол күні Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арыз түсірген. Оқиға Шымкент қаласында орын алғандықтан сарыағаштық полицейлер шағымды Шымкент қаласы Тұран аудандық полиция басқармасына ары қарай қарау үшін жолдаған.

"Қазіргі таңда балалардың ата-анасы тарапынан сот медициналық сараптамасынан өтуден және Рүстем Асқаровқа шағымдарының жоқ болуына орай, полиция басқармасымен арызды  тіркеу бойынша мәселе қаралып жатыр. Жоғарыда аталған жағдайлардың алдын алу үшін Дін істері басқармасы ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігімен бірлесіп 12 маусымда "Орталық" мешітте діни сауат ашу курстарына жауапты және бас имамдарға түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта  мешіттерде діни ахуал тұрақты және мүдделі мемлекеттік органдармен бақылауға алынды", - делінген қалалық дін істері басқармасының мәліметінде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мешіт ұстазы жұмыстан босатылғанын хабарлады. Оның мәліметінше, ұстаз балалар Құран сүрелерін дұрыс оқымағаны үшін емес, тұрмыстық өзге мәселелерге ашуланып, өз эмоциясын ұстай алмағандықтан ұрып-соғыпты.

"Таспау Сәлімбай" мешітінің ұстазы Рүстем Асқаров кәмелетке толмаған балаларды үй жағдайында оқытып, оларға қол жұмсап, дін қызметкерінің этикасын (мұсылмандық, ұстаздық әдепті сақтамау, өзгелерге зиян тигізу т.б.) қатаң бұзған. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығарды және өрескел әрекетке жол берген дін қызметкерлеріне шара қолданды. Бүгін, 15 маусымда Рүстем Асқаров Бас мүфти бұйрығымен "Таспау Сәлімбай" мешітінің ұстазы Рүстем Асқаров қызметінен босатылды", - деп жазды ҚМДБ баспасөз хатшысы Facebook парақшасында.

Ал қалалық полиция департаменті аталған факті Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша (Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) тіркеуге алынғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу басталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: