Бурабайда автокөліктің люгінен басын шығарып, видео түсірген қыз жазаланды

көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2023 01:10 Сурет: видео скрині
Бурабайдағы курорттар аумағында қозғалып келе жатқан көліктің ашық люгіндегі қыз жүргізушілердің ызасын тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz сілтеме жасап.

Ақмолалалық полицейлер жол қозғалысы ережелерін екі рет бұзған астаналық қыз жауапкершілікке тартты.

Полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына видеоны басқа жүргізуші жіберген. Бейнетіркегіш алда келе жатқан Chery Tiggo маркалы автокөліктің шатырындағы люктен жолаушы басын сұққанын тіркеген.

Патрульдік полиция қызметкерлері автокөліктің иесін анықтап, сол күні құқық қорғау органдары 19 жастағы қызға ҚР ӘҚБтК 593-бабы бойынша қауіпсіздік белдіктерін тақпағаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: