Алматыда желден құлаған ағаштар бірнеше көлікті зақымдады
Сурет: Zakon.kz
Алматыда жаңбыр мен қатты желдің салдарынан 30-дан астам ағаш опырылып, құлады. Тұрақтағы көліктерге зақым келіп, желдің кесірінен кейбір үйдің қасбеті бүлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ағаштар тоқтап тұрған көліктерге құлаған. Салдарынан кейбірінің терезелері сынған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Шенеуніктер көлік иелеріне сотқа жүгінуге кеңес берді.
"Алматының Экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің бөлім басшысы Нұрлан Құтыбаевтың айтуынша, бүлінген көліктерге келтірілген шығынды өтеуге қатысты әр іс жеке қаралады. Бұл мәселелерді шешу үшін сотқа жүгіну қажет. Сот шығынды қарастырады".
Жел көліктерді ғана емес, ғимараттардың қасбетін де зақымдады. Алматыдағы үйлердің бірінде сылақ опырылып түскен. Үй небәрі алты жыл бұрын пайдалануға берілген. Дауылдан ойын алаңдары да бүлінген.
Қалада барлығы 32 ағаш құласа, оның 13-і ескі.
Құтқарушылар қатты жел болған жағдайда көшеге шықпауға және көлікті ағаш түбіне қалдырмауға кеңес берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript