Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде “қоғамдық қордан” бопсалаушылар тобы ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 09:50 Сурет: Zakon.kz
ІІМ-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Семей қаласының аумағында бопсалаушылардың қылмыстық тобын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өздерінің криминалдық қызметін топтың мүшелері ресми түрде тіркелген қоғамдық қорды формальды құру арқылы мұқтаж тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсету түрінде жүзеге асырып отырған. Қордың Instagram әлеуметтік желісінде жеке парақшасы бар.

Құрылған күннен бастап қордың есепшотына қаражат түспеген. Күдіктілер қорды қаржыландырамыз деген сылтаумен жергілікті жастардан және есірткі пайдаланатын адамдардан ақша бопсалаған. Кейбір жағдайларда қылмыскерлер өз құрбандарын талап еткен ақшаны алғанға дейін жалдамалы пәтерлерде ұстаған.

"Бопсалаудың 7 фактісі анықталды. Арнайы операция барысында 19 тінту іс-шарасы жүргізіліп, суық және травматикалық қару тәркіленді. 18 адам полицияға жеткізілді, олардың ішінде қылмыстық топтың 8 негізгі қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: