Алматы облысының полицейлері бопсалаушылар тобын әшкереледі
Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ведомствоның арнайы жасағымен бірлесіп, Алматы және Жетісу облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында бопсалаушылар тобын ұстады.
Топта 21-46 жас аралығындағы жеті адам болған.
"Бұл факт полицияда ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Бопсалау) бойынша тіркелген. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 11 наурызында Қаскелең қаласындағы қоймалардың бірінің аумағында жоғарыда аталған топтың қатысушылары шетелдік азаматқа қатысты күш қолданып, қоқан-лоққы жасау арқылы ірі көлемде ақша бопсалаған", – деді Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр.
Ұсталғандар қамауға алынды.
"Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексерумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша іс материалдары түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады", – деді Дулат Қайыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript