Ішкі істер министрлігі музыканттар Астана жағалауынан неліктен қуылғанын анықтауға уәде берді
Сурет: Zakon.kz
20 маусымда сенат отырысында ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев полицейлер музыканттардың жағалауда өнер көрсетуіне тыйым салу фактісін тексеруге уәде берді.
Музыканттарды заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп айыптаған. Бірақ сол жерде көше саудасы еш кедергісіз жасалып жатыр. Журналистер шетелде музыканттар кез келген жағалауда өнер көрсете алатынын айтып, мысал келтірді.
"Бірден айта кетейін, мен Түркиядан басқа шетелде болған жоқпын. Тек бір рет. Ал музыканттарға келсек, ол дұрыс емес (музыканттарды қуу - ред.) Біреу шағымданған соң олар тараған шығар. Бәлкім жақын жерде тұратындар "қатты ән салады, кедергі келтірді" деп шағымданған болар. Мүмкін полицейлер сол үшін осындай шараларға барды. Бұл мәселені зерттеуге рұқсат етіңіз, сосын тағы сұрай аласыз. Мен жауап беремін. Оқуға қашан болды, қандай жағдайда болды. Зерттеп, есеп беремін".Қайсар Сұлтанбаев
Алматыда да көше музыканттарын қуу әрекеті сынға алынды. Алматылықтар полицияның оларға айыппұл салу туралы шешіміне наразылығын білдірді. Көбі студенттерден құралған музыканттар ешқандай қауіп төндірмейтініне, керісінше, қаланы әмен көріктендіретініне сенімді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript