Елордалық өрт сөндірушілер еліктің лағын құтқарып қалды
Сурет: видеодан скриншот
Талдыкөл маңындағы өртте 4-мамандандырылған өрт сөндіру бекетінің өрт сөндірушілері еліктің лағын аман алып қалды. Видео pojarnyie парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеодан өрт сөндірушілер жануардың көзін жуып, сүт беріп, орман шаруашылығы инспекторына тапсырғанын көруге болады.
Сурет: видеодан скриншот
Бұл көрініс желі қолданушыларын сүйсінтті.
- "Осындай еркектерге тәнтімін!".
- "Осындай қатал мамандық иелерінің қамқорлық жасап жатқанын көрген қандай сүйкімді!. Құтқарушылар, сендер керемет адамдарсыңдар".
- Жігіттер, жарайсыңдар, бар жақсылықты тілеймін!".
Астана іргесіндегі Талдыкөл маңындағы Нұра өзені аймағында қамыс пен қураған шөп өртенген еді. Өртенгенжердің жалпы аумағы 80 га болды. 19 маусымда сағат 21:09-да өрт оқшауланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript