Алматыда әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 23 маусымда Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына Әл-Фараби даңғылы бойында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылғанын хабарлады.
Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында іске асырылып жатыр.
"Орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты әл-Фараби даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысында 25-27 маусым күндері сағ.08:00 мен 24:00 аралығында, сонымен қатар 28 маусым сағ. 22:00-ден 29 маусым 06:00-ге дейін және 29 маусым сағ. 22:00-ден 30 маусым 06:00-ге дейін түнгі уақытта көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі".Алматы қалалық мобилділік басқармасы
Ведомство қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды ұсынды.
26-30 маусым аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында Сүлейменов көшесінен Пришвин көшесіне дейін Черепанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript