Жаңалықтар тізбегі
0

Құрбан айт: Астанада құрбандық шалынатын орындар анықталды

Құрбандық шалу, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2023 18:15 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесі күндері құрбандық шалынатын орындар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігі Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасына сілтеме жасап жасап хабарлайды.

Биыл Құрбан айт мерекесі 28-30 маусым күндері аралығында өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес қала мешіттерінде 28 маусым күні сағат 6.00-де "Айт намазы" оқылады.

Астана қаласында бекітілген орындарда құрбандық шалу 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

  1.  "Ұлжан" әмбебап базары, "Сарыарқа" ауданы, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы "Саянұр" базары);
  2. "Жайлау" базары, "Байқоңыр" ауданы, Алаш тас жолы, С-313 көшесі ("Шарын" базарының арты);
  3. "Шанхай" базары, "Байқоңыр" ауданы, Алаш тас жолы, 34/6 ("Көк базар" базардың арты);
  4. "Шопан ата" базары, "Байқоңыр" ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
  5. "Баракат" базары, "Байқоңыр" ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.

Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.

"Құрбан айт" мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы "109" Call-center жұмыс жасайды.

Айта кетсек, ҚМДБ бүкіл Қазақстан өңірі бойынша Құрбан айт намазы оқылатын уақытты белгілеп, кестесін жариялаған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: