Жаңалықтар тізбегі
0

Дарел іске қосылды: Parimatch жаңа буын амбассадорын таныстырды

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2023 16:04 Сурет: parimatch.kz
Parimatch халықаралық беттинг-компаниясының амбассадорларының қатары күтпеген кейіпкер - Дарел есімді қоянмен толықты.

Салпаң құлақ қоян тұқымдастарының ел арасында кеңінен таралып, таптаурынға айналған "нәзік әрі сужүрек" айқындамасынан жалыққан көрінеді. Енді Дарел және оның "темір тұлпары" Қазақстанды адреналинмен қуаттандырмақ. Ол туралы толығырақ осы мақаладан біле аласыздар.

Қазіргі кезде "амбассадор" ұғымы жаңа қырынан танылып жатқаны белігі. Дәл осындай оймен Parimatch компаниясы да брендті танымал спортшылармен және атақты клубтармен тең дәрежеде таныстыратын жаңа сүйкімді серіктесін жариялады.

Ұзынқұлақ Дарелмен таныс болыңыз! Оның есімі ағылшынның "dare" сөзінен шыққан, "батыл болу, өжеттену" дегенді білдіреді. Бұл есім оның мінезін толықтай сипаттайтындай - ол ештеңеден қорықпайды, өзіне сенімді, тапқыр әрі қызықты оқиғаларға жаны құмар. Мотоциклға мінген Дарел бірден екі әлемде - шынайы және виртуалды әлемде бой көрсетеді.


"Дарелдің басты ерекшелігі – оны диджитал кеңістігінде де, еліміздің көшелерінде де көруге болады. Ол жан-жақты және Parimatch брендінің мәнін, атап айтқанда спорт пен технологияның өзара бірлестігін тамаша бейнелейді. Дарел Алматыны өз жарыстарымен таңғалдырып үлгерді, алайда бұл оның алғашқы қадамдары ғана. Жақында қала тұрғындары оны Parimatch-тың көптеген іс-шараларынан көре алады", - дейді Parimatch Kazakhstan компаниясының Коммуникация бөлімінің басшысы Мария Богородская.

Дарелдің өзі не дейді? Түсініктеме беруді сұрағанда, қоян қысқа әрі нұсқа ғана жауап берді:

"Баршаға сәлем, Дарел іске қосылды. Бізді талай қызықтар күтеді!"

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: