Жаңалықтар тізбегі
0

Фараби Давлетчин Parimatch-тың ресми амбассадоры атанды

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 16:30 Сурет: parimatch.kz
Parimatch халықаралық беттинг-компаниясы бренд амбассадорларының қатары танымал есіммен толыққандығы туралы хабарлады.

Аты әлемге танылған тхэквондо және хапкидо чемпионы Фараби Давлетчин компанияның жаңа өкілі атанды.

Фараби Давлетчин кәсіби спортшы ретінде мансабында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 2013 жылы алғаш рет Еуразия чемпионы атағын жеңіп алып, келесі жылы бұл ерлігін қайталап қана қоймай, тхэквондо мен хапкидодан әлем чемпионы атанып, межені биіктете түсті. Бұл тізімге 2015 және 2016 жылдары тхэквондодан Еуропа чемпионатындағы жеңісі мен Қазақстандағы жылдың үздік спортшысы атағы қосылды.

Спорттық жетістіктерімен қатар Давлетчин Джейсон Стэтхэм, Конор МакГрегор, Шакил О'Нил, Гай Ричи, Джон Майер және т.б. сияқты жұлдыздарды жинаған #BottleCapChallenge вирустық эстафетасын қабылдап, әлемге танымал болды.

Ынтымақтастық аясында Parimatch беттинг-компаниясы мен Давлетчин Қазақстанда спортты, оның ішінде жекпе-жек өнерін танымал ету бағытында бірнеше жобаларды жоспарлап отыр.

"Parimatch – көптеген қызықты жобалары бар мықты әрі сенімді компания. Мен осындай кәсіби командамен жұмыс істеу арқылы тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын және бұл қазақстандық спортқа өз жемісін беретін нәтижелі жоба болатынына сенімдімін. Біз қазірдің өзінде бірқатар қызықты жобаларды жоспарлап жатырмыз. 2023 жылы біз Parimatch-пен бірге үлкен жетістіктерге жетіп, Қазақстандағы спорт сүйер қауымға жарқын әсер сыйлай аламыз деп үміттенемін", - деді Фараби Давлетчин.

Parimatch – инновациялық құралдар негізінде үздіксіз ойын-сауықты қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологияны, бизнес пен спортты біріктіретін халықаралық беттингтік және технологиялық бренд.1994 жылы Украинада негізі қаланып, бүгінгі таңда Африка, Азия, Австралия, Еуропа және Латын Америкасындағы жетекші беттингтік брендтердің біріне айналды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: