Жаңалықтар тізбегі
0

Жылу маусымына тиісті дайындық жүргізбеген жауапты басшылар жұмыстан кетеді

Жылу маусымына тиісті дайындық жүргізбеген жауапты басшылар жұмыстан кетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2023 17:11 Сурет: primeminister.kz
Жылу маусымына дайындық тиісті деңгейде жүрмесе, жауапты басшылар жұмыстан кетеді. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді.

Өткен қыста Екібастұз, Риддер, тағы бірнеше елдімекен қыс бойы қалтырап шыққаны есте. Алдағы маусымға дайындықты нашар деп бағалады Премьер-министр.

Бұған дейін Үкімет отырысында да, Мәжілісте де бұл мәселе қаралған. Осымен үшінші рет көтеріліп отыр. Дегенмен әлі де кей шаруалар жоспардағыдай атқарылмай отыр. Келер жылға қалып қойған жобалар да бар. Мәселен, Атырау жылу орталығында турбиналарды жөндеу жұмыстары басталған жоқ, деп жазады qazaqstan.tv.

Мерзімнің кешігіп жатқанына 60 күн. Рудный жылу орталығында да осындай жағдай. 45 күннен бері жұмыс тоқтап тұр. Теміртау қаласының ГРЭС-1-дегі қазандықты жөндеу жұмыстары жоспардан мүлдем алынып тасталған.

"Айта берсек, мұндай мысалдар көп", - деді Әлихан Смайылов.

Энергия объектілері иелерінің жауапкершілігін күшейту қажет.

"Олардың алдына қатаң түрде қарсы міндет қою керек. Өйткені уәкілетті органдар 27 энергия өндіруші компания үшін көтерме тарифтерді бекітіп берді", - деді ол.

Ал жергілікті билік пен министрлік кабинетте отырып басқарса іс өнбейді. Барлығы жұмыс жүріп жатқан жерге барып, тікелей сол жерден жұмыс істеу керек екенін де ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: