Мемлекет басшысы Әзірет сұлтан мешітіне барып, құран бағыштады

Құрбан айт, құрбандық, Қазақстан президенті, Әзірет сұлтан мешіті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2023 11:26 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 маусым – Құрбан айттың бірінші күні елордадағы мешіттердің біріне барып, құран бағыштады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

"Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды", – делінген хабарламада.

Сурет: akorda.kz


Президент Қазақстан халқын мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт мерекесімен құттықтап, айт күндері мұсылман қауым шынайы көңілмен мұқтаж жандарға жәрдемдесетінін, бұл жұртшылықты жақындастырып, еліміздегі жалпыұлттық бірлікті, бейбітшілікті және келісімді нығайта түсетінін айтты.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: