Ұлттық экономика министрлігіне жаңа аппарат басшысы тағайындалды
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Олжас Олжабайұлы Сыздықов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды".
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Білім министрінің бұйрығымен Тимур Әбілмәжінов Қазақстан Республикасы Білім министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Олжас Сыздықов 1987 жылы Целиноград облысында дүниеге келген.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және «Тұран-Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Топырақтану және агрохимия кафедрасының лаборанты болып бастаған.
2010-2012 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің сарапшысы; менеджері.
2012-2013 жылдары – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және экологияны дамыту басқармасының сарапшысы.
2013-2014 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті Өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын дамыту басқармасының сарапшысы, басшысы.
2014-2019 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті басқармасының басшысы, директорының орынбасары.
2019 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары болды.
2019 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры болып қызмет етті.