Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның үш мегаполисінде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазақстанның үш мегаполисінде алдағы күндері ауа райы қандай болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2023 16:21 Сурет: unsplash
Zakon.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап, Қазақстанның үш мегаполисі - Астана, Алматы және Шымкенттегі 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Астана

2 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +31+33°С.

3 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С.

4 шілде көшпелі бұлтты. Өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні секундына - 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.

Алматы

2 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 2-7 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз өте ыстық +33+35°С.

3 шілде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 2-7метр болатын жел соғады. Найзағайдың екпіні - 12 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +32+34°С.

4 шілде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 2-7 метр болатын жел соғады. Найзағайдың екпіні - 12 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +31+33°С.

Шымкент

2 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 8-13 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.

3 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С.

4 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: