Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада қоғамдық көліктер кестедегі уақытынан неге кешігіп келуде – құзырлы орган жауабы

Марафон Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2 шілдеде марафонның өтіп жатуына байланысты елордада қоғамдық көліктер шамамен 20 минутқа кешігуде. Бұл туралы City Transportation Systems баспасөз қызметі хабар таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 2 шілдеде Астананың Триатлон саябағында 60 елдің спортшыларының қатысуымен Ironman 70.3 турнирі өтіп жатыр.

Осыған байланысты мына жол учаскелері сағат 04: 00 бастап 18: 00-ге дейін жабық: 

  • Б.Момышұлы даңғылының бойы ішінара, атап айтқанда Елім-ай көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі аралық жартылай жабық.
  • А.Байтұрсынов көшесінің бойы Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жолдың екі жолағында қозғалысқа тыйым салынды.
  • Ұлы дала даңғылынан Оңтүстік айналма жолға дейін.
  • айналма жолдың М-36 трассасына шығатын тұсынан Қорғалжын тас жолының бұрылысына дейін және Н. Байғанин көшесінің қиылысындағы велосипед тұрағының бұрылысына дейін ішінара жабылды.
  • Оңтүстік айналма жолдан оңға қарай Ұлы Дала даңғылының бойымен жаңа көпір арқылы Нәжімеденов көшесіне дейін.
  • Нәжімеденов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін. Одан әрі А. Байтұрсынов көшесі бойымен Триатлон саябағына дейін.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз