Жаңалықтар тізбегі
0

Бір жылда Қазақстанда глэмпинг демалыс орындарының саны 38-ге жетті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, глэмпинг, туризм, турист, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 13:19 Сурет: pixabay
Бір жыл ішінде Қазақстандағы глэмпинг кешендерінің саны айтарлықтай өскен. Глэмпинг қонақ үйдің жайлылығымен табиғат аясында демалу мүмкіндігін беретін кемпинг түрі болып саналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда глэмпинг кешендерінің саны 38-ге дейін жетті, деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Олар еліміздің 8 өңірінде бар. Бір жыл бұрын елімізде 28 глэмпинг болған.

"Қазір дүниежүзі бойынша туристер тарапынан глэмпингтерге сұраныс артып, танымал бола бастады. Глэмпингтердің құрылысы кәсіпкерлер үшін де қолжетімді әрі тиімді бизнес-жоба", – дейді министрлік қызметкерлері.

Бүгінде Алматы облысында Қапшағай Глэмпинг Playa кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Имантау-Шалқар курортты аймағында "A-frame glamping house Shalkar" және "Shalkar" глэмпинг-паркінің құрылысы жоспарланып отыр. Екі кешеннің жалпы сыйымдылығы – 110 төсекке арналған.

"Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін өседі деп күтіліп отыр. Шетелдіктер негізінен табиғат аясында, курортты аймақтарда демалысты таңдайды. Сол себепті глэмпингтердің құрылысы әлемдік трендке ілесе отырып, еліміздің туристік тартымдылығын одан әрі арттырудың тамаша мүмкіндігі", – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Туризм бойынша үздік елдер рейтингінде Қазақстан Иран мен Бангладеш деңгейінде тұр

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: