ҚР АШМ Қостанай облысында егістік алқабын шегіртке басып қалғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қостанай облысындағы 10 мың гектар егіс алқабы шегіртке шапқыншылығынан зардап шеккені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жөнінде қазір өңірде жүрген АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а. Қаныш Әлиев мәлімдеді.
Қаныш Әлиев жергілікті шаруалар басқа ақпарат беріп отырғанын айтты. Олардың сөзінше, 500 гектардан аспайтын арпа егістігіне залал келген. Министрлік өкілі қазір аудандарда егістіктерді химиялық өңдеу жүргізіліп жатқанын, 257,2 мың гектар немесе жоспарланған алаңның 66,4%-ындағы жұмыстар аяқталғанын айтты.
"Шегірткелерге қарсы күресте 31 арнайы техника, оның ішінде 9 желдету бүріккіші, 13 аэрозольді газ генераторы, 6 аса жеңіл авиациялық кеме және 3 жеңіл ұшақ жұмылдырылған. Осы сағатқа дейін өңдеу Жангелдин ауданының "Алмас" шаруа қожалығының аумағында жүргізіледі", – делінген хабарламада.
Алқапты өңдеу бойынша іс-шаралар Ауыл шаруалышығы министрлігінің бақылауында және Қостанай облысына ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек барды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады. Сенімді деректер мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланатын болады.