Жаңалықтар тізбегі
0

Дәулет Тұрлыханов ұлының әскери бөлімнен қашу оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Дәулет Тұрлыханов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 21:33 Сурет: Facebook/Дәулет Тұрлыханов
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлының әскери бөлімнен қашу оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, соңғы бес айда әлеуметтік желіде оның ұлына қатысты жағдай бойынша "қоғамдық резонанс қолдан жасалуда".

"Жағдай орын алғанда, мен өз пікірімді ашық айтқанмын. Барлық жағдай заң жүзінде шешілуі керек дегенмін. Қазіргі кезде қоғамдық ортада менің ұлымның бір қателігінен басқа, қаншама айтылатын өзекті мәселелер бар емес пе?! Осы орайда, ұлыма байланысты жағдайдың қоғамда үлкен ақпаратқа айналғаны түсініксіз. Жарайды, ақпараттар шығып жатыр, осы арқылы хайп жинап, қоғамда рейтингін өсіремін дегендер өз мақсатына жеткен шығар. Енді менің ойымша бұл мәселені осы жерден доғарғанымыз дұрыс", деп жазды Дәулет Тұрлыханов Facebook-те.

Ол осы ақпараттар ұлына үлкен психологиялық ауыртпалық түсіріп жатқанын айтады.

"Ол әлі жап-жас жігіт. Оның жасағаны дизертирлік емес, былайша айтқанда, балалыққа салынып "самоволкаға" шығып кеткені. Мен ұлымның Қазақстан Қарулы күштерінің сапында жауынгер болып жүргенін мақтан етемін. Ол жастықтың жалынымен қателік жасағаны түсінікті. Ғашық болып жүрген бала, сүйген қызы келген екен, соған шығып кеткен. Бұл енді жастық сезім, махаббат сезімі. Әрине, мен оны ақтамаймын. Қай ата-ана өзінің баласын жаман болсын дейді?! Осы жағдайға байланысты ақпараттардан хабардар болып отырған баламның қазіргі психологиялық жағдайы мені қатты алаңдатады. Құдай сақтасын, осы жағдай баламның тағдырын тәлкекке салып, қандай да бір оқыс әрекетке баруына себеп болса, мен де өз тарапымнан қарап қалмаймын, қолданыстағы заң шеңберінде әрекет етемін". Дәулет Тұрлыханов

Ол өз өмірінің басым бөлігін үлкен спортқа арнаған адам екенін баса атап өтті.

"10 жыл СССР құрамасында күрестім, Тәуелсіз Қазақстанның туын тұңғыш рет Олимпиада ойындарында көтеріп шықтым. Өзім спортты қойғаннан кейін, бапкер ретінде Азия, Азия ойындары, Әлем және Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп шығардым. Мен қазақтың ұлы болғаныма мақтанамын! Қазақ үшін төгілген қара терім мен өлшеусіз еңбегімді халқым бағалаған, әлі де бағалап, құрметтеп келеді. Бүгінгі күндегі абыройым - орасан еңбектің арқасында келген. Ал менің ұлыммен болған бір ғана жағдай – халық алдындағы абыройымды түсіре алмайды. Қоғамды дүрліктіріп, ақпарат таратып жүргендер осыны түсінсе екен деймін. Құрметті достар! Тағы да қайталап айтқым келеді, ұлыма қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бәрі заң шеңберінде шешілетін болады. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", делінген депутат жазбасында.

Әскери полиция 4 шілдеде әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлын тауып алды

Бұған дейін Нұрасыл Болаттың қашып кеткені туралы заңгер Анна Чернова хабарлаған болатын. ҚР Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери борышын өтеу орнын тастап, қашқаны туралы ақпаратты растады.

Адвокат Болттың тергеуде екенін еске салды, сонымен қатар бұл оның әскери бөлімнен алғашқы қашуы емес деп болжайды.

2023 жылы 15 ақпанда Алматыда заңгерлер отбасы – ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновты ұрғаны белгілі болды. Аннаның айтуынша, күйеуі екеуіне қол жұмсаған қазақстандық балуан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шыққан.

Кейін Дәулет Тұрлыханов Алматыда болған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, ұлының теріс қылығы үшін кешірім сұрады.

Дәулет Тұрлыханов – грек-рим күресінен қазақ балуаны, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол - Олимпиада ойындарының күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері, Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын басқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: