Ақмолалық полицейлер бес күн бойы іздеуде болған азаматты тапты

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 13:10 Сурет: ҚР ІІМ
Ақмолалық полицейлер жыл басынан бері жоғалған 29 азаматты іздеп тапты.

Туыстарын көп уайымдатқан 29 жастағы ақмолалық 21 маусым күні кешке жұмыстан кейін кетіп қалып, туыстары оны содан бері көрмеген. Жігіттің телефоны өшірулі болғандықтан, мазасызданған ата-анасы полицияға тек 29 маусымда жүгінген.

Тәртіп сақшылары өтініш келіп түскеннен кейін бірден іздестіру шараларына кірісіп, жоғалған адам туралы бағдарлау барлық сыртқы қызметтерге жіберілді. Жоғалған тұлғаның таныстарының ортасы, пайда болуы мүмкін жерлерді: ойын-сауық орындары мен жалға берілетін тұрғын үйлерді тексеру басталды. Сондай-ақ ормандар мен қараусыз қалған ғимараттарға ерекше назар аударылды.

Көкшетау полицейлерінің 5 күн бойы іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды. Мас күйінде жүрген ер адам досымен бірге қаладағы пәтерлердің бірінде табылып, дереу ата-анасы хабардар етілді.

Мұндай жағдайлар көп кездеседі. Тіпті жаман әдеттері жоқ, ішімдік ішпейтін адамдар да бірнеше күн бойы жақындарына жоспарлары туралы хабарламай жоғалуы мүмкін. Көбінесе олар жалдамалы пәтерлерде немесе ойын-сауық орындарында табылады.

Әр уақытта іздеу шараларына полицияның үлкен күштері мен құралдары қатыстырылады, ізденістерге ат салысып және әлеуметтік желілерде бағдарларды орналастыратын еріктілер елеулі көмек көрсетеді. Айта кететін болсақ, жыл басынан бері Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткендер бойынша 50 арыз тіркелген, оның 29-ы полиция қызметкерлерімен іздеп табылған.

Полиция азаматтардан жақындарының сезімімен санасуды және әрқашан өздерінің орналасқан жері туралы хабардар етуді сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: