Қазақстандық екі күн бойы Түркістан облысында адасып, шөл далада жүрген
Сурет: pixabay
Түркістан облысындағы Отырар полициясының қызметкерлері екі күн бойы айдалада адасып, қаңғып жүрген азаматты тапты. Жоғалған адамды іздеуге 50 адам қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полицейлердің мәліметінше, Түркістан облысы Шәуілдер ауылында бірінші топтағы мүгедек 29 жастағы ер адам жоғалып кеткен.
Туыстары оны бір күн бойы іздеп көргенімен, полициядан көмек сұраған.
Бүкіл қызметкерлер ер адамды іздеуге жұмылдырылды. Полицейлерге еріктілер де қосылды. Үздіксіз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған ер адам екі күннен кейін шөл даладан 20 шақырым қашықтықтан табылды. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript