Жаңалықтар тізбегі
0

Ақжайық ауылында сот залы ашылды

Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі, БҚО, сот залы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 17:55 Сурет: БҚО облыстық сотының баспасөз қызметі
Апта басында Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округінде сот залы ашылды.

Сот залының ашылу салтанатына ҚР сот әкімшілігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Мәлік Кенжеалиев, белгілі ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева, аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев, аудандық сот төрағасы Алтынбек Құспанов және ауыл тұрғындары қатысты.

ҚР сот әкімшілігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Мәлік Кенжалиев жергілікті тұрғындар даулы мәселелерді шешу кезінде сабылып жүрмес үшін жасалып жатқан игі бастама екендігін атап өтті.

"ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 маусымдағы Жарлығымен Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауылындағы Теректі ауданының №2 соты таратылған болатын. Сондықтан да қарапайым халық күз, қыс кездерінде аудан орталығына барып жүрмес үшін ҚР Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент бастамасымен Ақжайық ауылындағы ауылдық әкімдік ғимаратында сот залын ашып отырмыз. Ауыл әкімдерімен бірлесіп осы бөлмені ретке келтірдік. Сот елдегі тыныштықты сақтауға мүдделі болуы керек. Сот залы аудан орталығынан шалғайдағы ауылдардың тұрғындары үшін сот отырыстарын өткізуге арналған. Аңқаты, Ақсоғым, Шағатай, Шалқар сияқты шалғай ауылдық округтердің тұрғындары өз құқықтарын қорғау үшін сот залына жүгіне алады. Сонымен қатар кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу, халықпен жұмыс істеу, сот отырысының қызметін жүзеге асыру жүктелген бас маман бекітілді. Зал сот отырыстарын жазуға арналған аудио-бейне жазба жүйесімен жабдықталған", – дейді кабинет ішін тұрғындарға таныстырған Мәлік Сәбитұлы.

ҚР сот әкімшілігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Мәлік Кенжеалиев пен ақын, Ақұштап Бақытегереева салтанатты түрде сот залының лентасын қиды.

Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі, БҚО, сот залы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 17:55

Сурет: БҚО облыстық сотының баспасөз қызметі

Туған жерінің тұрғындарымен жүздескен ақын Ақұштап Бақтыгерева ауылды өркендету, тұрғындар арасындағы татулық, достық, береке-бірлік туралы әңгімелеп, өзі өніп-өскен елдің тек қуанышын көргісі келетінін жасырмады.

"Сот залы болғаны жақсы, бірақ оған соттасып келетін жандар аз болсын. Ауылдың әрбір тұрғыны – менің бауырым. Сол бауырларым бір-бірімен қырық пышақ боп жүрмесе екен деп деймін", – деген ақжарма тілегін білдірді.

Айта кетейік дәл осындай сот залы республикада пилоттық жоба бойынша Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы мен Теректі ауданындағы Ақжайық ауылында ғана бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: