СҚО-ның бір ауылында иттер жаппай құтыру ауруына шалдығып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецкий ауылдық округіне қарасты Жатыр ауылында иттерден құтыру ауруы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Petropavlovsk.news хабарлауынша, осыған байланысты Городецкий ауылдық округінде шектеу енгізілмекші. Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің сайтында жарияланған.
Құжатта ауру жануардың саны туралы қосымша ақпарат берілмеген. Сондай-ақ, елді-мекендерде құтыру ауруын азайту және оны жою үшін қандай іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарланбаған.
Қарар жобасы 1 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Құтыру - жануарлар мен адамдардың ерекше қауіпті вирустық ауруы. Ол жүйке жүйесіне әсер етеді және уақтылы медициналық көмек көрсетілмесе, өмір сүруге ешқандай мүмкіндік қалдырмайды. Вирус ауру жануар тістеген кезде сілекеймен жұғады. Мұндайда өлімнен сақтаудың жалғыз жолы - екпе салдырту.
СҚО табиғи құтыру ошағында орналасқан. Аймақта қауіпті вирусты көбінесе жабайы жануарлар, иттер, мысықтар, ауылшаруашылық жануарлары жұқтырады және осылайша адамдарға да жетеді. Соңғы рет бұл ауданда 1998 жылы адамнан құтыру анықталған.