Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Астанада баспанаға қол жеткізе алмай жүрген мыңдаған үлескер бар екенін айтты

Астана, тұрғын үй, баспана, үлескер, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2023 13:54 Сурет: unsplash
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 шілде күні Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте қаладағы құрылыс сапасына, саладағы түйіткілді мәселелерге тоқталып, шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде Астанада төрт мыңға жуық үлескер баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін тілге тиек еткен Президент бұл өткір мәселе екенін атап өтті.

"Оны шешу үшін батыл қадамдар жасау қажет. Қазір бұл бағытта атқарылып жақтан жұмыстар жеткіліксіз. Биыл үлескерлері бар 16 үйдің құрылысын аяқтау керек. Жыл соңына дейін бұл мәселе толық шешімін табуға тиіс. Осындай құрылыстардың қайта пайда болуына жол бермеу қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев

Жиында Мемлекет басышысы тұрғын үй құрылысын ретке келтіру қажет екенін бас айтты.

Қазіргі таңда Астанада 10 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынып жатыр. Өкінішке қарай, құрылыс қарқыны жоғары болғанымен, сапаға көңіл бөліне бермейді.

"Бұл салада олқылықтар өте көп. Қаланы көркейтіп, жұртқа қолайлы жағдай жасау басты назарда болуға тиіс. Алайда, жекелеген құрылыс компанияларының мүддесі басым түсіп жатады. Қаланы дамыту ісінде бірізділік болмаған соң, орынсыз құрылыс көбейіп кетті. Әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындар болуға тиіс жерлерде тұрғын үй кешендері салынды. Құрылыс – экономиканың өте маңызды саласы. Бұған дау жоқ. Астанада құрылыс көп болғандықтан, қомақты қаржы бөлінетіні белгілі. Сондықтан, адал кәсіпкерлермен қатар, түрлі алаяқтар да пайда көріп қалуға тырысады", – деді Президент.

Мемлекет басшысы кейбір компаниялар құрылыс жүргізуге рұқсат беретін құжаттары болмаса да, жұмыс істеп жатқанын, олар бизнесті тексеруге салынған тыйымды желеу ететінін атап өтті.

"Сондай-ақ үлескерлерден заңсыз қаражат жинайды. Бұл – өте қауіпті үрдіс. Әкімдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бұл үрдіске тосқауыл қоюы керек. Мұның бәрі жаңа проблемалық нысандардың пайда болуына әкеп соқтырады. Әкімдік көз жұмып отыра берсе, бұл мәселе ушығып кетеді. Шенеуніктердің мұндай салғырттығы және жауапсыздығы ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, барлық салада, соның ішінде құрылыс саласында заң мен тәртіп болуға тиіс".Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы орайда ол заңсыз құрылысқа жол бермеу үшін бақылауды күшейтіп, саланы реттеуді тапсырғанын айтты. Соынмен қатар Мемлекет басшысы елордада тұрғын үй қорын жаңарту үшін ескі үйлерді сүріп тастап, жаңа үйлер салу қажет екенін айтты.

"Бұл – өте ауқымды жұмыс. Бастапқы кезеңде бұл жұмысқа мемлекет атсалысуы қажет. Шетелде мұндай тәсіл кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, бұл іске міндетті түрде бизнесті тарту керек. Тұрғын үй қорын жаңартудың басқа жолы жоқ", – деді Президент.

11 шілде күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: