Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда әл-Фараби даңғылы жартылай ашылады

әл-Фараби Сурет: Zakon.kz
Алматыда осы аптадағы орташа жөндеуден өтетін жолдар туралы айтылды, - деп хабарлайды Zakon.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы мобильділік басқармасы жолды жөндеу жұмыстарының барысы туралы хабарлады.

Жароков көшесінен Жақсылық Үшкемпіров көшесіне дейін әл-Фараби даңғылының бойында қозғалыс ашылады. әл-Фараби және Абай даңғылдары бойынша бірқатар учаскеде қозғалыс уақытша шектеледі.

"13 шілде сағат 06:00-ден бастап Жароков көшесінен Жақсылық Үшкемпіров көшесіне дейінгі аумақта әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалыс ашылады, онда полимерасфальтбетонды пайдалана отырып орташа жөндеу жұмыстары аяқталады. Жаңа технология жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартып, жолдың сызат түсуіне деген төзімділікті арттырады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Абай даңғылындағы Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі, Тілендиевтен Розыбақиевке дейінгі, әл-Фараби даңғылындағы Торайғыров көшесіндегі көлік айрығынан Жароков көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталған болатын. Жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз